2024 жылғы 25 қаңтарда Сервис және туризм колледжінде Халықаралық буллингке қарсы күрес күні және «Құқық» ҚҚ-мен бірлескен жұмыс жоспары аясында «Буллингтің психологиялық аспектілері» семинар-тренингі өткізілді. Семинар-тренинг барысында «Құқық» ҚҚ психологтары Нұрғали Аружан мен Қабылбай Сымбат студенттермен буллинг ұғымын, жасөспірім кезіндегі буллингтің түрлері, себептері мен алдын алу тәсілдерін қарастырып, буллинг жағдайындағы мінез-құлық ерекшеліктерін анықтады.
18-25 қаңтар аралығында 1 курс студенттері арасында «Біз буллингқа қарсымыз» тақырыбында плакаттар байқауы өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты – жасөспірімдер арасында буллингтың алдын алу, топшілік қатынастарды нығайту, шығармашылық әлеуетті дамыту. Студенттер белсенді қатысты, түрлі-түсті плакаттар салды, алғыс хаттармен және көтермелеу сыйлықтарымен марапатталды.