«Оқу үдерісіндегі жасанды интеллект: заманауи технологиялармен практикалық құралдар»

Білім беру саласындағы зерттеу бөлімінің әдіскері Алмаз Турсунбеков барлық орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Оқу үдерісіндегі жасанды интеллект: заманауи технологиялармен практикалық құралдар» тақырыбында қалалық оқыту семинарын (8 сағат) өткізді.
Семинардың мақсаты – 22 – 27 қаңтар күндері Лондон қаласында өткен 120-дан астам елден келген қатысушылар мен білім беру шешімдері мен технологиялық платформалардың 600-ден астам ірі өндірушілері жиналатын әлемдегі ең ірі білім беру технологияларының ауқымды Bett UK-2024 жаһандық білім беру технологияларының көрмесінде баяндалған «Жасанды интеллект» саласындағы әлемдік жаңалықтармен бөлісе отыра, оны педагог жұмысында тиімді пайдаланауға болатындығын көрсету. ЖИ арқылы жұмыс істейтін құралдармен жұмыс істеуді үйрету.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған