«Саналы ұрпақ» клубының жоспары шеңберінде 1-курс топтары арасында «Абай – ұлт биігі» марафоны өткізілді. Іс-шараның мақсаты ұлы ақынның ақындық мұрасын өскелең ұрпақ жүрегіне мәнерлеп оқу арқылы ұялату, поэзияны сүюге, бағалай білуге үйрету, жасөспірімдердің рухани танымын кеңейту болды.
Бұл шараға ниет танытқан 70-тен аса адам қатысып, Абайдың азаматтық көңіл күй, философиялық ой, ғашықтық, оқу-білім, тәрбие тақырыптарындағы өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.
Қатысушылар «Өлең – сөздің патшасы, сөз – сарасы», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты екі номинация бойынша бағаланып, 1-3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Іс-шара қатысушылардың орындауындағы «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды.
#Біртұтас_тәрбие
#акиматастаны
#oquagartu
#dosbollike
#RUMCDO
#білімастана
@oqu_aqartu_ministirligi
@k.sengazyyev_official
@baikenyesset
@sherraisa