«Ауғанның асуында от кешкендер»  тақырыбында кездесу

8 ақпанда колледжде 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысына қатысушы ардагерлермен «Ауғанның асуында от кешкендер»  тақырыбында кездесу өтті. Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35 жылдығына арналған іс-шараға Ауған соғысының ардагері запастағы капитан Б. Терсекбаев, Астана қаласы Сарыарқа ауданы Әскери комитетінің әскери дайындық жөніндегі инспекторы запастағы полковник Е. Жылқыбаев қатысты.

Бахытбек Саякович Ауғанстандағы оқиғалар, бөтен аумақтағы соғыстың қиындықтары, қарапайым сарбаздардың ерліктері туралы әңгімеледі.

Есентай Жарқынбайұлы қазіргі жастар бейбіт өмірді сақтауға ұмтылуы, арандатушылықтың барлық түрлеріне берілмеуі, Отанды қорғауға дайын болуы тиіс деген пікір білдірді.

Сонымен қатар, «Жас сарбаз» клубы мүшелері іс-шара қонақтарымен сүйікті патриоттық әндердің біріне айналған «Атамекен» әнін бірге орындады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған