22.04.2025 ж. Биыл еліміз Ұлы Жеңістің 80 жылдығын ерекше құрметпен атап өтуде. Осы айтулы дата аясында “Бойтұмар” клубының мүшелері Ассамблея жанынан құрылған Аналар кеңесімен бірлесе ұйымдастырылған патриоттық шараға қатысты.
Жастар Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаевтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, ерлікке толы тарихпен танысты.
Іс-шара барысында майдангерлердің батырлығы,ерліктері туралы тың мәліметтер айтылып, естелік фотосуреттерге түсті.
Осындай тағылымды шаралар жас буынның бойында патриоттық рухты оятып, елге деген сүйіспеншілікті арттырады
Қамтылуы – 14 студент.