Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні

2024 жылдың 21 ақпанында колледж кітапханасында «Халықаралық қауіпсіз Интернет күні» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Халықаралық қауіпсіз Интернет күні 2004 жылы Еуропалық комиссияның бастамасымен құрылды және содан бері барлық пайдаланушылар үшін қауіпсіз және жауапты интернет кеңістігін құруға бағытталған жаһандық бастама болды.

Іс-шараның мақсаты – веб-сайттарға қауіп төндірмеу үшін не істеу керектігі туралы ақпараттандыру. Студенттерді  интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру.

Қауіпсіз интернет күні колледж кітапханасының меңгерушісі баяндама жасады. Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *