«Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны

«ДОСБОЛЛИКЕ: көмек қолын соз» акциясы аясында «Жас толқын» ЖДО-мен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын сақтау үшін жеке жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында «Дұрыс таңдау жаса!» ұранымен «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өткізілді

Іс-шара басталар алдында студенттермен физикалық фитнес-жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараға 1 курс студенттерінен тұратын 3 команда қатысты.

Зияткерлік ойын барысында командалар тапсырмаларды орындап, түрлі байқауларға қатысты. Іс-шара көңілді және достық атмосферада өтті.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің шығармашылығы арқылы студенттердің салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануын насихаттау мақсатында әлеуметтік серіктес «РУМАКС» ЖК бірлесіп ұйымдастырылған «Дәмді және пайдалы тағам туралы» суреттер байқауының қорытындысы шығарылды.

Соңында командалар мен сурет байқауына қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған