«Еңлік –Кебек»

Желтоқсан айының 26-сы күні  «Оқуға құштар колледж» жобасы  аясында 8 минуттық кітап оқу бойынша ОПп-23к тобында  топ жетекшісі Байбосынова Сауле Ескалиевнаның ұйымдастыруымен  Шәкәрім Құдайбердиевтің «Еңлік –Кебек» дастаны бойынша кітапты талдау жұмысы өткізілді.

Білім алушыларға лирик – эпик ақын және композитор, музыкант, аудармашы Шәкәрім Құдайбердиевтің «Еңлік-Кебек»дастанын  оқу  арқылы тәлім-тәрбие бере отырып ,  адамгершілікке, асыл махаббатты дәріптеуге үлкендер өткен жолдың бұралаңынан сабақ алуға тәрбиелеу.

Іс-шараның өткізілу мақсаты- студенттердің кітап оқуға деген құштарлықтарын ояту, пайдасыз телефонға телміруден сақтап телефоннан да басқа жақсы жаңалықтармен , адамның зейінін аударуға болатынына көз жеткізу. Кітап – адам жанының бөлшегі, ел азығы, сөз сандығы. Әрбір саналы адамның негізгі құндылығы. Топтың студенттері «Еңлік –Кебек» дастанынан үзінділер көрсетті.Қойылым  біткен соң білім алушылар  оқыған кітаптан алған әсерлерін ортаға салып өз ойларын ортаға салды.Іс-шараға Алмарданов Нұрберген, Ереже Айбек,Төлепқазина Айсұлу,Сабыржан Дінмұхаммед, Дарменов Нурсұлтан ерекше белсенділік көрсетті

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған