«Профи TIME» жобасы аясында экскурсия

Өндірістік экскурсиялар студенттердің болашақ кәсібіне тікелей қатысы бар кәсіпорындарда өткізіледі. Кәсіптік оқытудың басында кәсіпорынмен, мамандықпен алдын-ала танысу үшін де, оқу процесінде де жабдықтың жаңа түрлерімен және өндірістің заманауи технологиясымен, жұмыс әдістерімен танысу үшін ұйымдастырылады. Осы мақсатта «Профи TIME» жобасы аясында 09 қазанда «Орман шаруашылығы» мамандығының 1 курс студенттері Jardin Design & Production бақша орталығына барды. Студенттер сәндік өсімдіктердің кең ассортиментімен және заманауи АВТО суару технологияларымен танысты. Өсімдіктер каталогымен жұмыс жасады.
Әлеуметтік серіктестің қызықты экскурсиясы үшін Жанна Ысқақоваға алғыс айтамыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған