«ЕЛ РӘМІЗДЕРІ– ЕРКІНДІК НЫШАНЫ» атты патриоттық-танымдық кездесу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, жас ұрпақтың Мемлекеттік рәміздерге деген мақтаныш сезімін арттыру, патриотизмді дәріптеу мақсатында «ЕЛ РӘМІЗДЕРІ– ЕРКІНДІК НЫШАНЫ» тақырыбымен патриоттық-танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға арнайы қатысқан құрметті қонақтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, Еуразия ұлттық университетінің профессоры,«Барыс» орденінің иегері – Жандарбек Мәлібекұлы, «ASTANA AQSHAMY» газетінің шеф-редакторы, журналист-публицист, әлеуметтік ғылымдар магистрі, медиа зерттеуші Тілеубай Төлен, сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Геральдикалық жұмыс басқармасының мамандары Мемлекеттік рәміздердің тарихи мәні мен маңызы жайында жастарға әңгімелеп, оларды білімді, отансүйгіш, елінің патриот азаматтары болуға шақырды. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, тақырып төңірегінде ой бөлісті.

Іс-шара барысында колледждің белсенді студенттеріне Мемлекеттік Тудың бейнесі бейнеленген төсбелгісі табысталып, қатысушылардың орындауындағы халық арасында еліміздің екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнімен аяқталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған