Идеялар аукционы педагогикалық кеңес жаңа форматта

27 желтоқсан күні «Сервис және туризм» колледжінде жаңа форматта кезекті педагогикалық кеңес өтті. Кеңес  ресми және тәжірибелік бөлімдерден тұрды. Ресми бөлімде жоспарға сәйкес тақырыптар қарастырылып, тәжірибелік бөлімде ұжым мүшелеріне «Идеялар аукционы» форматында талқылауға WorldSkills  байқауына қатысты тапсырмалар беріліп, талдау  жасалып, ұсыныс пен  ой-пікірлері ортаға салынды. Педагогикалық кеңес соңында  колледж  басшысы ағымдағы жылдың ішінде мерейлі жасқа  келген оқытушылар мен қызметкерлерге жылы лебізін  білдіріп,  келе жатқан Жаңа жылдан күтер үміттердің мол екендігін атап, ұжым мүшелерін мерекемен құттықтады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған