Инклюзивті білім: тәжірибе, сын-қатерлер, перспективалар

Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегияларының бірі. Осы орайда, 2024 жылғы 16 қаңтарда Сервис және туризм колледжінде «Инклюзивті білім: тәжірибе, сын-қатерлер, перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қоғамда барынша дербестік пен тәуелсіздікке қол жеткізуіне оңтайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ТжКББ департаменті директорының м.а.  Ақзира Қасымованың, Инклюзивті және арнайы білім департаментінің директоры Лаура Бутабаеваның, Астана қ. Білім басқармасының, Әдістемелік орталықтың басшылығы мен мамандары, Астана қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Нургуль Ахметованың, №1 ПМПК басшысы Сания Ташмакованың, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, сондай-ақ, инклюзивті білім берумен айналысып жатқан елордалық білім ордаларының басшыларының қатысуымен сындарлы диалог, тәжірибе мен пікір алмасу болды. Ұсыныстар айтылды.

Бүгінгі іс-шара –  ТжКББ жүйесіндегі инклюзивті білім беруді толыққанды дамытудың бастамасы болады деп сенеміз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған