«Jastar talks»

15 қаңтар Астана жастарымен серіктестік туралы меморандум және «Өнегелі өмір» жобасы аясында колледжімізде аралас жекпе жектен Қазақстан, Азия және Әлем чемпионы Аманжол Өтеуов және  Қазақстан чемпионы, аралас жекпе-жектен Қазақстан кубогының чемпионы, әмбебап жекпе-жектің республикалық турнирлерінің чемпионы Руслан Шаносовтың қатысуымен «Jastar talks» өткізілді.  

Кездесу барысында қос спортшы өздеріне қойылған сан түрлі сауалдарға жауап беріп, осы уақытқа дейінгі жетістікке жетер жолдағы  қиындығы мен қызығы қатар жүрген кезеңдерін әңгімелеп, алдағы мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті.

Студенттердің қызықты сұрақтарына жауап беріп, жастарды спортпен шұғылдануға, әрқашан алға ұмтылуға шақырды. Колледж әкімшілігі   жұмыс кестелерінің тығыздығына қарамастан, уақыт бөліп, студенттермен  жүздескен спорт саңлақтарына өзінің алғысын білдірді. Кеш соңында колледж оқытушылары мен студенттер  кеш қонақтарымен бірге естелік суретке түсті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған