“Кітапханаға кітап сыйла” акциясы

14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай колледжіміздің кітапханасында  “Кітапханаға кітап сыйла” акциясы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқырмандардың  рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту.

Акция барысында оқырмандарға құнды қазынаға бай кітапхана үшін үлкен сыйлық – кітаптар сыйлаудың маңызы түсіндіріліп, игілікті іске үлес қосу – сауапты іс екендігі айтылды.Сонымен қатар, кітапханаға тарту етілген кітаптарды қарап шығуға арналған көрме ұйымдастырылды. Шара барысында Ж.Ш.Құлматова,  Н.А. Шакиева,  А.А.Хижинская,  Р.Р.Ергалиева, К.К. Сагумбаева, КДМ мүшелері, 2ОП1-22 к, 3ВТ-21-РБк, 2ОП1-22 р, 3ОПП-21рбк топтары белсене ат салысты.

Жас ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған