Latest News

«Не? Қайда? Қашан?» 

08.12.2025 ж. ҚР «Заң және тәртіп» ұлттық бағдарламасы аясында колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы «Не? Қайда? Қашан?» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту және адалдық қағидаттарын насихаттау болды. Сервис және туризм колледжінің «Саналы ұрпақ» клубының «Қадам» тобы аталмыш білім сайысына белсенді қатысып, өздерінің жылдам ойлау қабілетін, логикалық тұжырым жасау шеберлігін және құқықтық білім деңгейін жоғары деңгейде көрсетті. Ойын барысында қатысушылар жемқорлықтың алдын алу, құқықтық жауапкершілік, әлеуметтік әділдік тақырыптарындағы күрделі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің жан-жақты дайындықтарын дәлелдеді. Бұл іс-шара студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, әділдікке деген көзқарасын нығайтуға және жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға маңызды үлес қосты. Қамтылуы – 6 студент.

«Салауатты сана – қауіпсіз қоғам негізі»

05.12.2025 ж. Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында «Салауатты сана – қауіпсіз қоғам негізі» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге Сервис және туризм колледжінің әкімшілігі мен «Бойтұмар» қыздар клубы да белсенді қатысты. Іс-шара отбасы институтын нығайту, жастар арасында наркомания, лудомания, суицидтің алдын алу,…

«Балалар кітапханасы»

01.12.2025 ж. «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітапқұмар» клубының мүшелері қазақ халқының ұлы ағартушысы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен таныту, оның ағартушылық жолын жас буын арасында насихаттау және балалардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Әдеби кеш барысында клуб мүшелері ағартушының өмірбаяны туралы мәліметтер ұсынып, тәрбиелік мәні зор әңгімелерін оқып, оның шығармаларының қазіргі білім мен тәрбие үдерісіндегі маңызы жайында пікірталас жүргізді. Сондай-ақ қатысушылар қызықты сұрақ-жауап, ойталқы форматында белсенділік танытты. Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтті. Әдеби кеш балалардың кітап оқуға деген ынтасын оятып, қазақ әдеби мұрасына деген құрметін арттыруға ықпал етті. Қамтылуы – 50 студент.

«Шабыт» жобасы аясында колледж студенттеріне «Синтез» ізденіс-эксперименталды театрының Абай Құнанбайұлының кемеңгер ойларын насихаттауға арналған «45» атты ғибратты аллегориялық драмасы жоғары деңгейде ұсынылды

28.11.2025 ж. «Шабыт» жобасы аясында колледж студенттеріне «Синтез» ізденіс-эксперименталды театрының Абай Құнанбайұлының кемеңгер ойларын насихаттауға арналған «45» атты ғибратты аллегориялық драмасы жоғары деңгейде ұсынылды. Қойылым барысында Абайдың 45 қара сөзінен алынған адамдық, парасат, еңбек, тәрбиелік құндылықтарға қатысты терең философиялық ойлар бүгінгі заманның тілімен үйлесімді түрде жеткізілді. Заманауи сахналық тәсілдер мен актерлік шеберлік көрерменге…

«Көшбасшылық құндылық: Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс»

28.11.2025 ж. Сервис және туризм колледжінде ұрпақтар сабақтастығы аясында өмірін білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаздардың құнды тәжірибесін жас мамандарға жеткізу, адалдық пен еңбекқорлық құндылықтарын насихаттау, болашақ педагогтардың кәсіби бағдарын күшейту мақсатында «Көшбасшылық құндылық: Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» ардагер ұстаздармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің қадірлі қонақтары: ✨ Бимендина Асима Темкеқызы — ардагер ұстаз, Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің…

Студенттерге жеке профилактикалық шараларды қолдану қажеттігі ескертілді

18-21.11.2025 ж. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында тұмау және жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты студенттер арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстары топтарда жүргізілді. Талқылау барысында жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың белгілері, белгілерінің айырмашылығы, аурудың спецификалық…

8 минут оқу жобасы «Менің Қожанәсірім келді де…»

8 минут оқу жобасы аясында ОПп-25к тобы жазушы, әзіл-сықақтың хас шебері, аудармашы Сәлімжан Еркебаевтың «Менің Қожанәсірім келді де…» атты шығармасын оқып, осы туындыға байланысты пікірталас өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың көркем шығарма мазмұнын түсінуін арттыру, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға бере отырып, өз ойларын еркін…

«Өмірге салауатты қадам»

19.11.2025 ж. «Өмірге салауатты қадам» жобасы аясында ВИЧ-инфекцияның профилактикасы, репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын алу тақырыптарында ақпараттық-профилактикалық лекция ұйымдастырылды. Іс-шараны «Жас Толқын» ЖДО мамандары өткізді. Лекция барысында студенттер: ВИЧ-инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу тәсілдері; қауіпсіз мінез-құлық қағидалары; жасөспірім ағзасындағы физиологиялық өзгерістер; менструалдық цикл және жеке гигиена; ерте жүктіліктің алдын алу және контрацепция әдістері; денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар қатысушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесі және студенттердің статусы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қамтылуы – 70 адам.

Николай Гогольдің «Үкімет инспекторы» шығармасы бойынша кітапхана квесті

2025 жылғы 17 қарашада кітапханада прозашы, драматург, сыншы, публицист Николай Гогольдің «Ревизор» шығармасы бойынша кітапхана квесті өтті. Балалар басты кейіпкерлердің образдарымен, жанр ерекшеліктерімен және шығарманың белгілерімен танысты, сондай-ақ автордың қызметшілердің кесапаты мен қоғамның кемшіліктерін қалай мазақтайтынын талқылады. Квест бес әрекеттен тұратын комедияға…

Студенттер өз бастамалары мен жаңа идеяларын ортаға салып, колледж өмірін жандандыру, жастар белсенділігін арттыру бағытындағы ұсыныстарын білдірді.

06.11.2025 ж. колледж директоры жастар істері жөніндегі комитет және студенттік парламент мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы оқу жылына арналған жоспарлар талқыланды. Студенттер өз бастамалары мен жаңа идеяларын ортаға салып, колледж өмірін жандандыру, жастар белсенділігін арттыру бағытындағы ұсыныстарын білдірді. Директор студенттердің ұсыныстарын мұқият тыңдап, олардың бастамаларын қолдауға дайын екенін атап…