Latest News

Бұқа тартыс

Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында дала жиынына қатысушы 1 курс студенттері арасында Бұқа тартыс ұлттық ойыны өткізілді. Бұқа тартыс – күш сынасып ойнайтын ойын түрі. Жігіттің нары ғана шыдас беріп, күшін көрсететін ойынға 100-ге жуық жігіт күш сынасып,  жеңімпаздар анықталды.

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

04.05.2024 жылы 1 курс студенттерімен «Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында тағылым сағат өтті. Сабақтың мақсаты табиғаттың өмірлік маңызды ресурсы және қымбат сыйы ретінде суға ұқыпты қарау туралы түсінік қалыптастыру болды. Студенттер тағылым сағатында өз ойларын ортаға салып, тақырып аясында ой бөлісті, бір-бірімен…

«Таза Қазақстан»

Ағаш отырғызу біздің колледждің жақсы дәстүріне айналды. Жыл сайын Түлектер аллеясы кеңейіп, жаңа көшеттермен толықтырылады.Түлектер үшін бұл тек экологияға ғана емес, сонымен бірге артынан із қалдыру, кейінгі ұрпаққа үлгі болу.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында өткізілген «Түлектердің ағаш егу» челенджі…

«Репродуктивті денсаулықты қорғау» семинар-тренингі

2024 жылғы 3 мамырда колледжде Ана үйі қоғамдық қорының «Ана Үйі» ресурстық орталығының үйлестірушілері Г.Н.Шакирова және А.Ж.Диханова отбасылық тәрбие және Халықаралық Отбасы күні, Аналар күні аясында «Репродуктивті денсаулықты қорғау. Отбасын жоспарлау», «Түсік түсірудің, ЖЖБИ-нің, оның ішінде АИТВ-инфекциясының, жасөспірімдердің жүктілігінің алдын…

Ерлігім – елім үшін!

2024 жылдың 02 мамырында “Сервис және туризм колледжі” ШЖҚ МКК АӘДК оқытушылары 1-курс студенттерімен Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі туралы «Ерлігім – елім үшін!».Жиналған жастарға батырлар туралы айтылды. Фильмдерден кейіпкерлердің өмірлері мен тұрмысы, қызметі туралы білді.

Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында үшінші мыңжылдықтың негізгі проблемалары туралы түсінік және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында зияткерлік ойын өткізіліп, оған 3 команда қатысты. Ойын 4 турдан тұрды: – «Сергіту»; – «Өзімнің ойыным», – «Капитандар шайқасы», – «Экологиялық калейдоскоп». Ойын кезеңдерінен өту…

Қайырымдылық жәрмеңкесі

Елордада су тасқынынан зардап шеккен өңірлер үшін гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Осылайша колледж ұжымы, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары жойқын су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды қолдау мақсатында жәрмеңке ұйымдастырды. Жәрмеңкеде кондитерлік өнімдер, жемістер, түрлі сусындар, сондай-ақ басқа да тәттілер ұсынылды. Қайырымдылық шарасын…

«Табиғат қателіктерді кешірмейді»

Студенттердің экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерінің тағдыры үшін моральдық жауапкершіліктерін түсінуге көмектесу мақсатында «Табиғат қателіктерді кешірмейді» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді.   Іс-шараға ата-аналар қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, табиғатты аялауға, табиғатқа деген жанашырлыққа, дұрыс экологиялық әдеттерді қалыптастыруға шақырды.

 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Әлемді кітаппен таны» кітапхана сағаты

Колледжіміздің кітапханасында «Әлемді кітаппен таны»  тақырыбында 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 1 курс студенттерімен кітапхана сағаты өткізілді. 23 сәуір – әлем әдебиеті үшін атаулы күн. Кітап пен сөзге деген сүйіспеншілікте, шын мәнінде шек жоқ. Жыл сайын…