«Лудомания: құмар ойындар неге әкелуі мүмкін және онымен қалай күресуге болады»

Бүгін колледж студенттері үшін «Лудомания: құмар ойындар неге әкелуі мүмкін және онымен қалай күресуге болады» тақырыбында ақпараттық семинар өткізіліп, спикер ретінде ПДО жоғары санатты психотерапевт-нарколог дәрігері Тастембекова Анар Жұмабекқызы сөз сөйледі.
Семинардың мақсаты – білім алушылардың физикалық, психикалық, эмоционалдық, әлеуметтік денсаулығындағы ықтимал ауытқулардың алдын алу.
Спикер қатысушыларға адамдар қандай себеппен құмар ойынға бейім, ең бастысы, ойынға тәуелділік сияқты мәселеге тап болғанда қалай әрекет ету керек екенін айтты. Маманның айтуынша, көбінесе ойынға тәуелділік пен құмар ойындарға деген қызығушылық балалық және жасөспірімдік шақта пайда болады және психологиялық аспектісі бар.
Соңында ойынға тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *