«Жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі»

2024 жылдың 19 сәуірінде колледжде «Жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Құқық бұзушылықтың алдын алу;
  2. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, қорқытудың, жеке тұлғаның жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу;
  3. Балалар еңбегі: ҚР еңбек заңнамасының талаптары мен шектеулері;
  4. Нашақорлық пен шекпейтін темекі қоспалардың алдын алу;
  5. Діни экстремизм және терроризм;
  6. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу;
  7. Студенттердің жазғы демалысын ұйымдастыру.
    Спикерлер педагог-психолог Д. Ахметова, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Е. Джура, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Г. Алдоңғар және «Право» ҚҚ заңгері А. Нұрбалиева болды.
    Баяндамашылар өз сөздерінде ата-аналардың назарын ересектердің балаларға қатысты негізгі жауапкершілігі – балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету болып табылатындығына аударды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған