«МЕНІҢ ҮЙІМДЕГІ КІТАП»

2023 жылғы 30 қаңтарда колледжіміздің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” бағдарламасы аясында кітапханашылар бірінші курс студенттері арасында “Менің үйімдегі кітап” тақырыбында байқау ұйымдастырды.

Мақсаты: кітап пен кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту, әр адамның өміріндегі кітаптың маңыздылығы және оқуы туралы сенімнің қалыптасуына ықпал ету.

КО-22 к тобының студенті Мирослав Лапкин «Мен кітап әр үйде болуы керек деп есептеймін. Мысалы, менің кішкентай, бірақ өте құнды кітапханам бар. Оның ішінде неше түрлі кітаптар бар: шытырман оқиғалары, балаларға арналған энциклопедиялар, т.б. Бұл кітаптардың әрқайсысы мен үшін өте қымбат. Менің сүйікті авторларым – Наполеон Хилл «Ойлан және бай бол», Роберт Кийосаки «Бай әке, кедей әке», Дейл Карнеги: «Достарды қалай табуға және адамдарға қалай әсер етуге болады», Джен Синеро «Ақымақ болма» деп өз кітапханасы туралы әңгімелеп айтты.

Студенттер іс-шараға қатысуға және өздері оқыған сүйікті кітабына арналған бейнеролик жасауға атсалысты.

«МЕНІҢ ҮЙІМДЕГІ КІТАП» тақырыбында үміткерлер кітап оқудың адам өміріндегі маңыздылығын насихаттайтын бейнеролик дайындады. Сондай-ақ, студенттер Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасының сюжеті бойынша шағын қойылымдар көрсетті. Байқау соңында қазылар алқасы қатысушылар мен жеңімпаздар арасынан номинанттарды анықтады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған