Колледжміздің кітапханасында «Оқуға құштар колледж»жобасы жоспарына сәйкес 1 курс топтарымен «Менің сүйікті кітабым» тақырыбына іс-шара өткізілді.
Мақсаты:Студенттерді кітап оқуға деген қызығушылығын арта түсіріп,қаншалықты кітап оқитындарын анықтау, студент бойында өз бетімен кітап оқып білім алуға дағдыландыру,білімнің кітапта екенін ұғындыру,кітапты оқуға бағалауға тәрбиелеу.
«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», – деген еді Ғабит Мүсірепов. Адам баласы көңілі жабырқаған сәттерде кітапты жанына медет тұтпаушы ма еді? Бірақ, бүгінгі қоғамда оқитын кітап көп те, оқырман аз. Кітап оқу – тұлға болып қалыптасуға ықпал ететін бірден-бір күш.
ОПТ-22р тобының студенті Хегай Данил өзі оқыған сүйікті кітабымен бөлісті:
« Дориан Грей портреті» бұл Оскар Уайльдтың шығарған жалғыз романы. Ол XX ғасырдағы ең даулы әдеби шығармалардың бірі болып саналады. Оның тарихының дамуы әр адамның бойында бар жақсылық пен зұлымдық арасындағы жекпе-жектің, бостандықтың ішкі дауының үш кейіпкерінің айналасында жүреді. Бұл кітапта мәңгілік жастық пен сұлулық ұғымына азғырылған тартымды жас Дориан Грейдің рухани саяхаты баяндалады. Оскар Уайльд әрқашан данышпан болған және осы романды жасау үшін өзінің жеке тәжірибесін қолданып, әртүрлі әдеби стильдерді біріктірді.
Хегай Данил оқырмандарға бұл кітапты өте терең мағынасы бар кітап, өмір туралы және ішінара әрқайсымыз туралы кітапты оқыңыз-деп кеңес берді.