«Нашақорлық және қылмыс»

Колледжде есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында «Нашақорлық және қылмыс» атты тақырыпта кездесу өтті. Іс-шараға ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы С. Султанов қатысты.
Жасөспірімдерге аталған тақырыпта семинар өтіп, есірткінің бүкіл әлемде, сондай-ақ, Қазақстанда таралуының алдын алу мәселелеріне байланысты фактілер, жаңа синтетикалық препараттар, олардың пайда болу және даму себептерінің арасында мінез-құлықтың ерекшеліктері, психикалық және физикалық бұзылулар, түрлі әлеуметтік факторлардың әсері, есірткіні сақтау және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтты.
С. Султанов тақырып аясында видеороликтер көрсетіп, семинар соңы студенттердің сұрақ жауабымен ұласты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған