Оралхан Бөкеев. Бұғы адам.

«8 минуттық оқу» жоба аясында кітапхана оқу залында КО-23р тобында  Оралхан Бөкеевтің «Бұғы адам» кітабына дискуссия өтті.

Негізгі мақсаты жазушы  Оралхан  Бөкейдің  өмірі  мен  шығармашылы  туралы  мағлұмат  беру,  туған  жерге  деген  мақтаныш  сүйіспеншілік  сезімдерін  қалыптастыру,  жазушының   шығармалары   арқылы  адамгершілікке, жауапкершілікке,  барлық  жақсы  қасиеттерге тәрбиелеу,  әдеби  кітап  оқуға  тарту.

Оралхан Бөкейді танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті. Сондықтан Шығыс жұртының  ғана емес бүкіл Алаштың мақтанышына айналған О.Бөкей шығармаларын оқуға сіздерді де шақырамыз. Осы шығармаларды оқу арқылы бойларында ең жақсы қасиеттер қалыптасып, тәуелсіз еліміздің білімді, білікті, жігерлі  ұл қыздары болады деген сенімдеміз. Іс-шараны О.Бөкейдің  өз  күнделігіне  жазған  мына  сөздерімен:

«Адам  армандай  білуі  керек, армандаса — соған  қол  жеткізеді. Мен жазушы  болуды армандадым,жазушы  болдым.Менің  парталас досым Жеңіс ұшқыш  болуды армандады, ол да ұшқыш болды. Адам  армандай отырып, соның  жолында күресе білуі керек. Бүкіл  адамзат соған қарап  тұрғандай, өз-өзіңді шексіз  жауапкершілікте  сезінгенде ғана ойлаған  мақсатыңа  жете  аласың»-деп топ жетекшісі А.Есенгараева  аяқтады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған