2024 жылғы 3 мамырда колледжде Ана үйі қоғамдық қорының «Ана Үйі» ресурстық орталығының үйлестірушілері Г.Н.Шакирова және А.Ж.Диханова отбасылық тәрбие және Халықаралық Отбасы күні, Аналар күні аясында «Репродуктивті денсаулықты қорғау. Отбасын жоспарлау», «Түсік түсірудің, ЖЖБИ-нің, оның ішінде АИТВ-инфекциясының, жасөспірімдердің жүктілігінің алдын алу».
Семинар-тренингтің мақсаты: студенттердің репродуктивті денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, контрацепцияның заманауи әдістері, жасөспірімдердің жүктілігінің алдын алу бойынша білімдерін қалыптастыру.
Семинар барысында келесі мәселелер талқыланды:
- Жастар үшін репродуктивті денсаулықтың маңызы.
- Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу.
- Психологиялық қолдау және жүктіліктің ерте кезеңіндегі қарым-қатынастың маңыздылығы.
Мұндай іс-шаралар жастарға денсаулық мәселелерін түсінуге, алдын-алудың маңыздылығын түсінуге және осы маңызды салада білімдерін жетілдіруге көмектеседі.
Семинарға 1 курс студенттері қатысты.