«Таза Қазақстан»

Ағаш отырғызу біздің колледждің жақсы дәстүріне айналды. Жыл сайын Түлектер аллеясы кеңейіп, жаңа көшеттермен толықтырылады.
Түлектер үшін бұл тек экологияға ғана емес, сонымен бірге артынан із қалдыру, кейінгі ұрпаққа үлгі болу.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында өткізілген «Түлектердің ағаш егу» челенджі аясында студенттер аулаға арша, туя және алма көшеттерін отырғызды.
Әрбір бітіруші топ естелік ретінде “өз” ағаштарын отырғызып, сол арқылы туған өлкенің табиғатын сақтауға және колледждің ауласын абаттандыруға үлес қосты.
Түлектердің ізгі ниеттеріне колледж директоры Салтанат Қайратқызы мен топ жетекшілері де қолдау көрсетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған