2023 жылдың 17 қазанында Сервис және туризм колледжінде ата-аналарға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелерінде ата-аналар мен педагогтардың құқықтық және педагогикалық мәдениетін, ата-ана мен колледж ұжымының ынтымақтастығын арттыру мақсатында Ашық есік күні өтті.
Алдымен ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету орталығы ашылып, педагог-психолог С. Ахметова колледж әкімшілігінің қатысуымен ата-аналар мен педагогикалық ұжымның ынтымақтастығын арттыруға бағытталған тренинг өткізді.
«Право» ҚҚ заңгері, «Жас толқын» ЖДО психолог маманы, Колледждің әлеуметтік педагогы, педагог-психологы, медбике, №3 қалалық емхананың гинекологы, СӨС дәрігері, әлеуметтік қызметкері, заңгер мамандары ата-аналарды жеке қабылдап, олардың мәселелері бойынша кеңес берді.
Ашық есік күні ата-аналар жиналысымен жалғасын тауып, балалардың ата-аналарына арнап түсірген бейнебаянынан басталды. Білім басқармасы, Астана қаласы ПД есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасы, Астана қаласы Полиция департаменті Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің, Сарыарқа ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция аппараты, Астана ст. ЖПБ АБ өкілдері «Студенттердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу», «Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу», «Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу», «Жасөспірімнің зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау құқықтары», «Жол-көлік жарақаттануының алдын алу», «Мазасыз балалардың ескерту белгілері» тақырыптарында құқықтық оқыту жүргізді.
Сондай-ақ, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудағы отбасының рөлі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың белгілі бір түрлері үшін ата-аналардың жауапкершілігі және т. б. мәселелер көтерілді. Ата-аналар жиналысына 200-ге жуық ата-ана қатысты.