Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

15 мамыр-колледжде Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында «Отбасын жоспарлау өмірлік мақсаттарды жүзеге асыру ретінде» конференциясы өтті. Аталған конференцияға «Право» ҚҚ психологтары мен заңгері, Астана қаласы әкімдігінің “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығы” КММ маманы қатысты.

Конференцияда «Жеке тұлғаның жыныстық қолсұғылмаушылығы», «Жаман әдеттер мен нашақорлықтың алдын алу», «Буллингтің алдын алу» сияқты тақырыптар да қозғалды.

Конференцияға 200-ге жуық студент қатысып, сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Жасөспірімдердің құндылықтары, білімі және мінез-құлқы туралы айту тәрбиенің бірыңғай әдістемесін жасауға көмектеседі. Жасөспірімдерге құрметке, төзімділікке және сүйіспеншілікке қарым-қатынас орнатуды көрсете отырып, үлгі көрсету маңызды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *