«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері А.С. Боранбаева мен С. С. Голубева кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында тоқаштар мен пряниктерді дайындау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.
№18 орта мектептің 9-сынып оқушылары тоқаштарды «Жүрек», «Қайық», «Көбелек», «Қызғалдақ» түрінде пішіндеуді үйренді, сонымен қатар зімбір пряник қамырын дайындаудың құпиясымен және оны бояу техникаларымен танысты.
Шеберлік сыныбының ең қызықты бөлімі, өз қолымен жасаған тағамдардың дәмін тату болды. Оқушылар уақытты тиімді өткізіп қана қоймай, тәтті тоқаштар мен пряниктердің дәмін татып, жақсы көңіл-күй мен ұмытылмас эмоциялар алды.