“Сервис және туризм колледжі” ШЖҚ МКК студенттері үшін 2024 жылдың 27 қарашасында ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараны өткізудің мақсаты өз елінің тарихы мен мәдениетін тану, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру болды.
Студенттер үшін әскери-тарихи мұражайдың залдары бойынша экскурсия жүргізілді, атап айтқанда – Мерзімді көрмелер залы, XIX ғ.ежелгі залы, XX ғ. әскери тарих залы, XX-XXI ғ. қару залы, Бейнелеу өнері залы, “Қазақстан әскери ісінің тарихы” атриумы, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің залы.
“Мұражайда барлық экспонаттар дерлік ерекше. Мұнда түрлі қару – жарақ, қазақ жауынгерлерінің амунициясы, суреттер, тарихи құжаттар, сондай-ақ оқиғалардың, танымал тұлғалардың суреттері жинақталған”, – деп атап өтті экскурсовод.
Іс-шара соңында студенттер мұражай қызметкерлеріне қызықты және егжей-тегжейлі экскурсия үшін алғыстарын білдірді.