«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында үшінші мыңжылдықтың негізгі проблемалары туралы түсінік және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында зияткерлік ойын өткізіліп, оған 3 команда қатысты.
Ойын 4 турдан тұрды:
– «Сергіту»;
– «Өзімнің ойыным»,
– «Капитандар шайқасы»,
– «Экологиялық калейдоскоп».
Ойын кезеңдерінен өту барысында жұмбақтар жасырынып, кроссворд шешілді, команда капитандарына сұрақтар қойылды және ситуациялық міндеттер шешілді.