Біртұтас тәрбие жоспарына сай, 10 қараша күні колледжде «Тоғызқұмалақ-day» деп танылып, жарыс өтті. Мақсат – тоғызқұмалақ ойынын кеңінен насихаттау, студенттердің қызығушылығын арттыру. Атаулы жарысқа 16 студент қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орынды 1 О-23 к тобының студенті Елубай Ерасыл жеңіп алса, ІІ орынды 1 ОПп-23 р тобының студенті Капанов Алмас, ал 2 ОПп 1-22 к тобының студенті Балмагамбетов Алмас өзге қатысушылардан озып шығып, І орынды иеленді.