30 қаңтарда “Турандот” мейрамханасы біздің КО-22к тобының студенттері мен эксперименттік топтың оқушыларын шеберлік сыныбына шақырды. Қытай мейрамханасының бас аспазшысы студенттерге тәтті бұрыш, шиитаке саңырауқұлақтары және бамбук қосылған Сычуань сиыр етін Stirfry технологиясы арқылы дайындаудың қыр-сырын үйретті. Біз “Турандот” мейрамханасына танымдық шебер-сынып үшін алғыс айтамыз.
