«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың  заманауи тәсілдері»

Бүгін педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық іс-әрекетті талдау және зерттеушілік мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Астана қ. Білім басқармасының, Астана қ. Әдістемелік орталығы мен Сервис және туризм колледжінің ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың  заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Астана қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Астана қаласы Білім беру қызметкерлері кәсіподағының, Түркия мемлекетінің, Ресей Федерациясының, Татарстан , Қырғызстан Республикаларының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар Алматы, Абай,Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан т.б. аймақтардың, Алматы,Шымкент, Астана қалаларының ТжКББ педагогтері және колледждеррдің  әлеуметтік серіктестері қатысты.

  Конференцияның  негізі  бағыттары:

–  Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы техникалық және кәсіптік білім беру;

–  Педагогикалық қызмет теориясы мен практикасы: проблемалар, шешімдер және тиімділік;

– Қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кадрларды кәсіби даярлау;

-. ТжКБ  білім беру үдерісіндегі цифрлық технологиялар және IТ – шешімдер;

– Мемлекет, экономика, қоғам, мәдениет және кәсіптік білім берудегі бағдарлар;

– Тұлғаны тәрбиелеу: идеядан нәтижеге.

Секциялық отырыстар  диалогтық алаңы, дөңгелек үстел, панельдік дискуссия, BarCamp-анти-конференциясы, педагогикалық коллоквиум  түрінде  өткізілді.

Конференцияның секциялық отырыстарына қатысушыларға жұмыс тәжірибесімен бөліскені туралы сертификаттар берілді.

Конференцияға 300-ден астам  педагог  қатысып, салмақты ой-пікірлер айтылып, тың тәсілдер ұсынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған