«Халық санының өсуі әлемдік экологияға кері әсерін тигізеді»

2024 жылдың 18 сәуірінде “Тазару” жалпыұлттық акциясы аясында колледждің “Туризм” бөлімінің студенттеріне арналған Туризм орталығының Зерттеу жұмысы бөлімінің басшысы М.А. Исаева Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған “Мәдениет ескерткіштері тарихты баяндайды” атты тақырыпта дәріс өткізді.
Спикер қатысушыларға ескерткіштер, ансамбльдер мен көрікті жерлерді қамтитын мәдени мұра нысандары туралы айта отырып, бұл мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа беруіміз керек деген үндеу тастады.
Одан әрі кездесу болашақ ұрпақтың назарын экологиялық мәселелерге аудару мақсатында студенттер мен педагогтар арасындағы экологиялық пікірталаспен жалғасты.
Ойын нәтижесінде «Халық санының өсуі әлемдік экологияға кері әсерін тигізеді»- деген позицияны ұстанған үкімет фракциясы жеңіске жетті. Бұл іс-шара жастар арасында тіл тазалығын дамытатын, өз ойын түсінікті, әрі аргументативті түрде жеткізуге бағыттайтын дебатқа деген жаңа мектеп мүшелерінің қызығушылығын тудыруда да септігін тигізді.
Болашақ ұрпақтың бойында қоршаған ортаға деген жанашырлық қасиеттің болуы шарт және сол дағдыларды дамытуда ат салысу – әркімнің парызы.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған