Жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл

«Оқуға құштар колледж» жобасы жоспарына сәйкес колледж кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай   «Ұлт руханиятының бәйтерегі-Бейімбет Майлин» атты тақырыптық шолу ұйымдастырылды.

Жоғарыда аталған іс-шара өз дәуірінің шындығын әр жанрдағы өнімді еңбектерінде ашық көрсете білген реалист жазушының еңбектері мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру және кітапхана кешеніне оқырмандар тарту мақсатында өткізілді.

Тақырыптық шолу барысында оқырмандар қазақ прозасында өзіндік орны мен жазу тәсілі бар қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты

мағлуматтар алып, кешке қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, кітапхана қорындағы Б.Майлиннің кітаптарымен танысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған