Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабына  пікірталас

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында оқырмандармен колледж кітапханасында Қайрат Жолдыбайұлының «Кемел адам» кітабына  пікірталас өткізілді.

Пікірталастың мақсаты оқырмандарды кітап пен кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту, әр адамның өміріндегі кітаптың маңыздылығы және оқуы туралы сенімнің қалыптасуына  ықпал ету, жақсы мен жаманды ажырата білу, оқырмандар арасында өздері оқыған кітаптардың мазмұнымен өзара бөлісіп, бір – бірін кітап оқуға шақыру.

Автор бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманың “Кемел адам” болуға шақырады. Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән саулығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған