23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Әлемді кітаппен таны» кітапхана сағаты

Колледжіміздің кітапханасында «Әлемді кітаппен таны»  тақырыбында

23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай 1 курс студенттерімен кітапхана сағаты өткізілді.

23 сәуір – әлем әдебиеті үшін атаулы күн. Кітап пен сөзге деген сүйіспеншілікте, шын мәнінде шек жоқ. Жыл сайын 23 сәуірде әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Іс-шара кітап пен авторларға деген құрметтің және кітап оқуды насихаттаудың жарқын көрінісі болып табылады. Бұл мереке жаңа технологиялар ғасырында кітаптың қашанда көшбасшылық орында тұратынын, ал кітап оқу – адам жан дүниесіне рухани байлық сыйлайтынын айқындайды.

Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, оқуға шақырудың жаңа үлгісі ретінде қалыпты қолданылып келеді.Кітапхана оқырмандарының саны артып, өткізілген шараларға үлкен қызығушылықпен қатысқан оқырмандар қатары көбейіп келуде. Шара соңында студенттер өздеріне ұнаған кітаптар туралы ой бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған