«Батыр жолы: халық батыры-Амангелді Иманов»

2023 жылдың 04 қарашасында колледжіміздің кітапханасында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі Аманкелді Иманов Үдербайұлына 150 жыл толуына орай  «Батыр жолы: халық батыры-Амангелді Иманов» атты кітапханалық квест ұйымдастырылды. 

Жоғарыда аталған іс-шара даңқты батырдың өмірі, жасаған ерліктері жайлы ақпарат беріп, ұлт намысын қорғаған батыр туралы жазылған туындыларды көпшілік қауым назарына ұсыну, кітапханаға оқырмандар тарту мақсатында өткізілді.

Кеш барысында 1 курс студенттері Амангелді батырдың ерлігін,  түр-тұлғасын, батырлық өмір жолын дәріптеген Ж.Жабаевтың «Амангелді тойына», С.Садуақасұлының «Амангелді туралы»,  Б.Имановтың «Амангелдінің анасымен қоштасқаны», С.Оңайбекұлының «Батыр», Қарабалиннің және Ы.Адамбековтың «Амангелді» атты өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, кешке жиналғандар Амангелді батыр мен оның сарбаздарының ерліктері жайлы баяндалатын  «Амангелді» атты көркем фильмінен үзінді қарап, викториналық сұрақтарға жауап берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған