Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясындағы «Кадрдағы кітап» пікірталас киноклубының жұмыс жоспарына сәйкес 3 курс студенттерімен Г.Е.Байгабылова   Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасына  диспут өткізді.

Іс-шараның мақсаты студенттердің ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту, ойлануға, ой қорыта білуге дағдыландыру, сондай –ақ,  көркем шығармаларды талдау және түсіндіру қабілетін дамыту.

І.Жансүгіровтың “Құлагер ” поэмасы мазмұндық ерекшелігі бойынша керемет туынды. Ақан серінің Құлагер атты тұлпарының кісі қолынан өлтірілуі Ақанға зор қайғы болады. Құлагерге арнап шығарған “Бай, Бай Құлагерім-ай” атты өлең толғауы елді толғандырмай қоймайды.

Өзге поэмаларға қарағанда, бұл поэманың сюжеттік-композициялық бітімінде өзгешелікте бар екені рас. Осы орайда қатысушыларға сұрақ қою барысында поэманың мән жайын ашып,өз ойларын анық айтып поэма кейіпкерлерін суреттей отырып өмірге деген құштарлығын оятауға шақырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған