«Сары- Арқаның таулы өлкесі» атты экскурсиялық тур

2023 жылғы 08 қазан күні «Ұлы дала» және «Профи TIME» жобалары және «Астанада және Ақмола облысының аумағында Greenways (Жасыл маршруттар) және экологиялық туризмді дамыту» жобасы аясында «Сарыарқаның таулы өлкесі» атты «Туризм» мамандығы бойынша 2 студенттеріне экскурсиялық тур өткізілді. Экскурсияны НТ «Арман тур» директоры, 1 дәрежелі гид-экскурсовод Салтанат Абжанова жүргізіп, Ботай мәдениеті мұражайы, Абылайхан алқабы, Ақылбай асуы, мешіт, Визит орталығы, хайуанаттар бағы, Бурабай қонақ үйлері бағыттары бойынша өткізді. Экскурсияның негізгі мақсаты студенттердің шығармашылық әлеуеті мен жеке кәсіби қабілеттерін аша отырып еліміздің табиғи және мәдени мұрасын дәріптеуге және қамқоршылық жасауға баулу.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған