«Тоғызқұмалақ-day»

Біртұтас тәрбие жоспарына сай, 10 қараша күні колледжде «Тоғызқұмалақ-day» деп танылып, жарыс өтті. Мақсат – тоғызқұмалақ ойынын кеңінен насихаттау, студенттердің қызығушылығын арттыру. Атаулы жарысқа 16 студент қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орынды 1 О-23 к тобының студенті Елубай Ерасыл жеңіп алса, ІІ орынды  1 ОПп-23 р тобының студенті Капанов Алмас, ал 2 ОПп 1-22 к тобының студенті Балмагамбетов Алмас өзге қатысушылардан озып шығып, І орынды иеленді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған