2024 жылдың 19 сәуірінде колледжде «Жасөспірімнің жеке қауіпсіздігі» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Құқық бұзушылықтың алдын алу;
- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, қорқытудың, жеке тұлғаның жыныстық қол сұғылмаушылығының алдын алу;
- Балалар еңбегі: ҚР еңбек заңнамасының талаптары мен шектеулері;
- Нашақорлық пен шекпейтін темекі қоспалардың алдын алу;
- Діни экстремизм және терроризм;
- Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу;
- Студенттердің жазғы демалысын ұйымдастыру.
Спикерлер педагог-психолог Д. Ахметова, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Е. Джура, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Г. Алдоңғар және «Право» ҚҚ заңгері А. Нұрбалиева болды.
Баяндамашылар өз сөздерінде ата-аналардың назарын ересектердің балаларға қатысты негізгі жауапкершілігі – балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету болып табылатындығына аударды.